Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар болып шықты.
Ақтөбеде көлігін сатуға шығып, жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды
728
оқылды

Ақтөбеде көлігін сатуға шығып, үйіне оралмаған әйел кісі қолынан қаза тапты. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті,  деп жазады Aikyn.kz.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті 9 маусым күні көлік сатуға шығып, із-түзсіз кеткен 55 жастағы әйелдің өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

«Хабарлама түскен бойда жеке құрам шұғыл көтеріліп, жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Күдікті көп ұзамай ұсталды. Оның тұрғылықты жерінің гаражынан ұрланған автокөлік тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 99, 192-баптары (кісі өлтірумен ұштасқан қарақшылық шабуыл) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды»,  деп хабарлады Ақтөбе облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ал жәбірленушінің денесі қала маңынан табылған. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған. Қазіргі кезде сараптамалар тағайындалып, тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, 1969 жылы туған Клара Сұлтанбаеваны іздеу жұмысы 9 маусым күні басталды. Оған полициямен қатар еріктілер де жұмылды. Ол шамамен сағат 9:00-де шығып кетіп, хабарсыз қалған.