Қазгидрометтің дерегіне қарағанда, 15-16 маусымда елдің шығысында қатты жаңбыр жауады.
Аптап ыстық: синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады
4,047
оқылды

Алдағы күндері Қазақстанның барлық дерлік аумағында ауа райы құбылмалы болады, деп болжады синоптиктер.

Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, 15 және 17 маусымда солтүстікте, орталықта 15 маусымда және 15-16 маусымда елдің шығысында қатты жаңбыр жауады.

Республиканың батысында ауа температурасы +33+42°С-ге дейін, оңтүстікте +35+42°С-ге дейін, оңтүстік-шығыста +28+38°С-ге дейін, солтүстікте +26+34°С-ге дейін, орталықта +25+33°С-ге дейін, шығыста +21+31°С-ге дейін қатты ыстық болады деп болжанып отыр.