Алайда күн батуына байланысты іздестіру жұмыстары тоқтатылды, нәтижесіз.
Ақтауда суға батып кеткен ер адам іздестірілуде
856
оқылды

Ақтауда 21 жастағы жігіт суға батып кетті. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"2024 жылы 14 маусымда 19 сағат 20 минутта 101 пультіне Ақтаудағы "Монтажник" демалыс базасынан оңтүстік бағытына қарай 1,5 шақырымда суға шомылуға жабдықталмаған жерде 2003 жылы туған ер адам суға батып бара жатыр деген ақпарат келіп түсті", – деп жазды Маңғыстау облысының ТЖД-дан.

Оқиға орнына департаменттің күш құралдары жедел шығып, іздестіру жұмыстары жүргізілген.

"Алайда  күн батуына байланысты  іздестіру жұмыстары тоқтатылды, нәтижесіз. Осыған байланысты, іздестіру жұмыстары 15 маусымда таңғы сағат 6-да жалғасады", – делінген хабарламада.