ТЖМ күштері жалынды оқшаулады.
Түркістанда цех өртеніп, екі адам ауруханаға түсті
512
оқылды

Түркістан қаласында жиһаз шығаратын цех өртке оранды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Өрт орнында өздігінен сөндіру кезінде цехтың екі қызметкері зардап шекті. Олар қалалық ауруханаға жеткізілді. Қазір отты сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр", – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Кейін ТЖМ күштері жалынды толық жойды. Өрттің алдын ала ауданы 1150 шаршы метрді құрады. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр.