Ақтөбенің №2 соты баспасөз қызметінің мәліметінше, Қолқанат Құрманиязов шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.
Тальгодағы жолаушыны зорлау ісі: сотталған жолсеріктер мерзімінен бұрын бостандыққа шықты
1,103
оқылды

2018 жылы Қостанайда жолаушыны зорлаған "Тұлпар-Тальго" пойызының жолсеріктері бостандыққа шықты, - деп жазады Aikyn.kz.

БАҚ беттерінде 5 жылға сотталған Жетес Үмбеталиев пен Қолқанат Құрманиязовтың түрмеден шыққаны туралы ақпарат тараған еді. 

“2022 жылдың маусымында сот Қолқанат Құрманиязовты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қарап, қабылдамады. Алайда сол жылы облыстық сот қалалық соттың шешімін бұзып, өтінішті қанағаттандырды”, – делінген хабарламада.

Үш қызды зорлаған түркістандыққа сот үкімі шықты: ер адамға химиялық кастрация жасалады. 

Қазақстандық 13 жасар қызын зорлады деп айыпталғандарды ақтауды сұрады: күдіктілерге қатысты сот үкімі шықты.

Сот Қолқанат Құрманиязов жазасының жартысын өтеп, колонияда өзін жақсы ұстағаны үшін мерзімінен бұрын босатылғанын мәлімдеді. 

“Сот сотталушының қоғамға қауіпті екенін ескере отырып, ол жасаған қылмыс жазаны толық өтеуді талап етпейді деген қорытынды жасауға негіздер жеткіліксіз деген қорытындыға келді. Соған байланысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартты”, – деп мәлімдеді сот.

Десе де, Ақтөбе облыстық соты тамыз айында Құрманиязовтың өтінішін қанағаттандырды. Онда былай делінген:

Жазасының жартысын өтеді;

Мекеме әкімшілігіне жақсы мінез-құлығымен ерекшеленді;

Екі рет мақтау алды;

Жазалау шаралары қолданылған жоқ;

Дәрежесі екінші оң мінез-құлықты;

Мемлекетке процессуалдық шығындарды және жәбірленушінің өтемақы қорына мәжбүрлі төлемді өтеді.

Осылайша, облыстық сот Ақтөбе қаласының №2 сотының шешімін бұзып, сотталушының жеке шағымын қанағаттандырды. Жәбірленушіге Құрманиязовтың шағымы бойынша сот отырысының өтуі туралы хабарланды. Бірақ ол сот отырысына келмеді.

Қылмыстық атқару жүйесінің комитеті бұл ақпаратты растап, сотталғандардың өтінішін қарау және оларға қатысты шешім қабылдау соттың құзыретіне жататынын атап өтті.

Сондай-ақ онымен бірге сотталған Жетес Үмбеталиев жазасын толық өтеп, биыл сәуір айында түрмеден шықты.

Еске салайық, "Тұлпар-Тальго" пойызының екі жолсерігі 35 жастағы әйелді зорлаған. Қылмыстық кодекстің 120-бабы ("қызметтік міндеттерін орындау кезінде зорлау") бойынша кінәлі деп танылған еді. Олар небәрі бес жылға бас бостандығынан айырылды.