Әнші қазір тойға көп шақырғанымен, бара алмай жүргенін айтты.
«Көз тимейді»: әнші Ерке Есмахан өзі туралы жағымсыз пікірді қалай қабылдайтынын айтты
Фото: instagram.com/ erke_esmahan
5,310
оқылды

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандары қойған сұрақтарға жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Өнер иесі өзі туралы жазылатын жағымсыз пікірді қалай қабылдайтынын айтты.

"Хейт болсын, онсыз қызық емес қой және көз тимейді. Ол адам менің күнәларымды алып кетеді. Пайда! Жаманынан жақсы сөз көп негізі. Менің көзім тек әдемілікті, жақсылықты, махаббатты көреді. Біреу не дейді, не жазды дегенге мән бермеңіздер. Өйткені өмір қысқа, уақыт аз. Ғаламның ғажаптарын сезінуге ұмтылыңыздар", – деді әнші Instagram-дағы парақшасында. 

Әнші қазір тойға көп шақырғанымен, бара алмай жүргенін айтты.

"Сұраныс өте көп, анда-санда болмаса, зауқым жоқ. Кезінде Құдайдың құтты күні той тойлатқанмын", – деді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.