Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.
Нөсер жаңбыр, бұршақ, жел: 17 маусымға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
4,671
оқылды

"Қазгидромет" РМК дүйсенбі, 17 маусымға арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде нөсер жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл соғады.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ жауады.  Тек оңтүстік-батыс, оңтүстік өңірлерде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді.

Күндіз БҚО, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында аптап ыстық сақталады. Ұлытау, Жамбыл, Алматы облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында, Ақтөбе өңірінің орталығында, Маңғыстау облысының теңіз жағалауында, батысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Жетісу өңірінің солтүстігінде, Абай облысының орталығында, батысында, Қарағанды қаласында, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, шығысында өрт қаупі жоғары.

Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Алматы облысының оңтүстігінде, ШҚО, Қостанай, Қарағанды, Жетісу, Абай облыстарының оңтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.