Зардап шеккен адам бар.
Астанада жатақхана өртеніп, бір адам зардап шекті
Фото: Видеодан кадр/ТЖМ
298
оқылды

Астана қаласының өрт сөндірушілері Сарыарқа ауданында жатақханаға айналдырылған шатырлы үлгідегі, екі қабатты үйден шыққан өртті сөндіріп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Нақтыланған ақпарат бойынша мансардтық тұрғын үйдің және оған бекітілген бір қабатты жұмсақ жиһазды қалпына келтіру цехының шатыры жанып жатыр. 

ТЖМ зардап шеккен адам бар екенін мәлімдеді. Улы газбен уланған 1935 жылы туған азамат жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.