Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Прокурорлар мемлекеттік мүлікті заңсыз пайдалану фактісін анықтады
1,488
оқылды

Алматыда Медеу ауданының прокуратурасы мемлекеттік мүлікті заңсыз пайдалану фактісін анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы, қоғамдық тамақтану нысаны үшін мемлекеттік орган ғимаратына іргелес жатқан жер учаскесін заңсыз берген.

Осыған байланысты прокуратура Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне прокурорлық қадағалау актісін енгізді.

Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымы бойынша ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің бұйрығымен мемлекеттік қызметке кір келтіретін, кәсіпкерге кіріс әкелуде заңсыз жәрдем көрсетуді білдіретін теріс қылық жасағаны үшін («Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 50-бабы 1-бөлігінің (5-тармақшасы) Аумақтық инспекция басшысы, «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.