Жақында өткен (10 маусым) WWDC көрмесінде Apple iPad-тан бастап (планшетке «Калькулятор» қолданбасы орнатылды) MacOS Sequoia-ға дейін үлкен жаңартулармен таныстырды. Ең басты жаңалық – Apple AI іске қосылатын болды.
iPhone енді ақылдырақ болады
Siri ұзақ жылдар бойы өте шектеулі болып келді. Бірақ соңғы жаңартулар виртуалды көмекшіге күнделікті қажетті функцияларды атқаруға жол ашады. Фото appleinsider.com сайтынан алынды
640
оқылды

Apple Intelligence деп аталатын жасанды интеллект жүйесі мен Siri виртуалды көмекшісі туралы slashgear.com жариялаған жазбаға сүйенген Aikyn.kz компанияның тұтынушыларға ұсынатын жаңа мүмкіндіктерін талдайды.

Siri контекст пен жеке ақпаратты түсіну үшін Apple Intelligence қызметіне сүйенетін болады. Apple мұның бәрі қауіпсіз орындалатынын айтуда. Фото Shutterstock сайтынан алынды

Apple өзінің жаңа жүйесін жасанды интеллект емес, Apple Intelligence деп таныстырды. Компания платформаларына жаңа мүмкіндіктер жиынтығын енгізу мақсатында генеративті жасанды интеллекті пайдаланудың жеке жолын іздеуде.

Сонымен, MacOS-тан Siri-ге дейін Apple экожүйесі ЖИ-ді күрделі өзгерістерден өткізеді, бұл кейбір ЖИ қолданушыларға қызықты болуы мүмкін.

Бұл жолы Apple өзінің Siri виртуалды дауыстық көмекшісін түбегейлі өзгертуге бет бұрған сияқты. ЖИ-ға негізделген бұл жүйені Apple барлық өнімдеріне тереңірек енгізу үшін пайдаланбақшы. Siri контекст пен жеке ақпаратты түсіну үшін Apple Intelligence қызметіне сүйенетін болады. Apple мұның бәрі қауіпсіз орындалатынын айтуда.

Крейг Федериги: «Мұны дұрыс жасау керек. Сізге өміріңіздің барлық бөлшектерін ашудың қажеті жоқ», – дейді.

Дегенмен пайдаланушының жеке өміріне қатысты деректер ЖИ-мен жұмыс істейтін функцияларды қосу үшін қажет екенін компания жасырмайды. Компания жеке деректер пайдаланушының сұраныстарын дұрыс бағалау үшін қажет екенін айтады. Дегенмен құпиялылық сақталған жағдайда Siri сияқты интеллектуалды көмекшілер беретін жаңа мүмкіндіктер өте пайдалы болып көрінеді.

Фото wccftech.com сайтынан алынды. Siri жеке көмекшісі iOS, iPadOS, watchOS, macOS және tvOS жүйелерінде орнатылған. Виртуалды көмекші әр пайдаланушыға жеке бейімделеді, уақыт өте келе олардың қалауларын үйренеді.  

Siri қалай өзгереді?

Apple компаниясының жаңа ЖИ жүйесінде Siri-ге үлкен орын бөлінген. Siri ұзақ жылдар бойы өте шектеулі болып келді. Бірақ соңғы жаңартулар арқылы Apple дауыстық көмекшісі тиісті ақпаратты көрсетуде, экрандағы бейнеге, суретке негізделген әрекеттерді орындауда және басқа да өмірлік қажетті функцияларды атқаратынына Apple уәде беруде. Виртуалды көмекшінің дизайны да айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған.

Пайдаланушылар бұл жаңартуларды жақсы қабылдайды деп күтілуде. Енді бұрыннан таныс Siri шарының орнына Siri-ді қосқанда дисплейдің шетінде жарқыраған аура пайда болады. Бірақ жаңа анимациялар жаңа мүмкіндіктерсіз қызықты емес екенін Apple инженерлері жақсы түсінеді.

Siri мынадай iPhone иелеріне таптырмас жеке көмекші бола алады:

Пайдаланушының сұрақтарына оңтайлы жауаптар беру үшін Siri электрондық поштадағы ақпаратты пайдаланады, пішіндерді автоматты түрде толтыру үшін басқа да деректерді қолданатын болады. Siri пайдаланушының атынан әрекеттерді орындайды және оған көмектесу үшін генеративті ЖИ-ді қолданады. Бұл жаңартуларға Apple компаниясының өнімін тұтынатын әрбір адам назар аударғаны жөн, өйткені олар адамның күнделікті өміріне әсер етуі мүмкін.

Бүгінде Siri жеке көмекшісі iOS, iPadOS, watchOS, macOS және tvOS жүйелерінде орнатылған. Көмекші әр пайдаланушыға жеке бейімделеді, уақыт өте келе олардың қалауларын үйренеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.