Сауд Арабиясында сынап бағанасы 48 градусқа дейін көтерілген.
Меккеде қажылыққа барған 6 адам аптап ыстықтан көз жұмды
704
оқылды

Меккеде қажылыққа барған 6 адам аптап ыстықтың салдарынан қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап. 

Сауд Арабиясында сынап бағанасы 48 градусқа дейін көтерілген. Елдің Бас статистикалық басқармасының мәліметі бойынша биыл қажылығын өтеуге 1 миллион 800 мың адам тіркелген.

Билік қазір құлшылыққа келгендерге аса сақ болуды ескертіп жатыр. Өйткені синоптиктердің болжамы бойынша аптап аптаның соңына дейін созылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.