Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті.
Жамбыл облысында сарбаз комаға түсті: Тоқаев шұғыл тапсырма берді
Фото: Қорғаныс министрлігі
772
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында сарбаздың комаға түсуіне қатысты тапсырма берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты. Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті", – дейді Берік Уәли. 

Президент Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.