Атмосфералық фронттардың өтуімен таяу күндері Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Жаңбыр, бұршақ, 41 градус ыстық: 18-20 маусымға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
3,333
оқылды

"Қазгидромет" РМК 18-20 маусымға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлады Aikyn.kz.

Атмосфералық фронттардың өтуімен таяу күндері Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, орталықта бұршақ жауады деп күтілуде. Қатты жаңбыр 18 маусымда шығыста, орталықта, 19 маусымда оңтүстік-шығыста болады деп күтілуде. Тек оңтүстікте және 19-20 маусымда орталықта ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Күндізгі температура еліміздің батысында біртіндеп +28 +40°С дейін төмендейді, еліміздің солтүстігінде +20+28°С-тан +25+31°С-қа дейін жоғарылайды, орталықта +20+33°С, оңтүстікте +30+41°С, оңтүстік-шығыста +24 +35°С-тан +22+32°С-қа дейін аздап төмендейді, ал шығыста +12+28°С-қа дейін төмендеуі болжанады.