Қазіргі таңда жоғалған азаматшаның анасы мен ағасы Германияда.
Айбек Смадияров Германияда жоғалған экс-судья жайлы тың мәлімет айтты
Фото: http://www.instagram.com/podslushano.de/
3,887
оқылды

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Германияда жоғалған экс-судья жайлы тың ақпарат айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Қазіргі таңда жоғалған азаматшаның анасы мен ағасы Германияда. Оларға виза алуға көмектестік. Полициямен тығыз байланыстамыз. Жұмыс істеп жатырмыз. Жақын арада ақпарат болады деп күтеміз. Әзірге бар ресми ақпарат осы», – деді Смадияров министрліктің дәстүрлі брифингінде.

Еске салсақ, 2024 жылғы 3 маусымда Айгүл Сайлыбаеваның жоғалып кетуіне қатысты туыстары Қазақстанның Майндағы Франкфурттағы бас консулдығына хабарласқан болатын. Бас консулдық бұл өтінішті ерекше бақылауға алған. Айгүлге күйеуі Александр Донцов пен оның анасы ұзақ уақыт бойы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған деген мәлімет бар. Олардың 3 жасар Жаклин есімді қызы бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.