Қазіргі уақытта марқұмның туыстары Германияда және оларға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр.
Сыртқы істер министрлігі Айгүл Сайлыбаеваның Германияда өлі табылғанын растады
Фото: gov.kz
1,799
оқылды

Сыртқы істер министрлігі Германияда жоғалып кеткен экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның Германияда өлі табылғанын растады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Германия қылмыстық полициясының Қазақстан Республикасының Франкфурттағы Бас консулдығына берген ақпаратына сәйкес, 16 маусымда Бенсхайм қаласының маңында әйелдің мәйіті табылды. 

«Криминалистер сот-медициналық сараптама жүргізіп жатыр. Өз кезегінде, полицияның ауызша алдын ала берген ақпаратына сәйкес, сыртқы белгілері бойынша мәйіт ҚР азаматы Айгүл Сайлыбаева деп танылды», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта марқұмның туыстары Германияда және оларға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр.

ГФР құқық қорғау органдары тиісті тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Бұл іс туралы өзге ақпарат тергеу мүдделері үшін жарияланбайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.