Елімізде суару маусымы басталғалы 12 мыңға жуық шаруаға 2 млрд текше метр су берілді. Бүгінде вегетация кезеңі штаттық кестеге сай өтіп жатыр.
Шаруаларға 2 млрд текше метр су берілді
173
оқылды

«Қазсушар» мекемесі биыл 790 мың гектардан астам ауылшаруашылық алқабын суаруға 12 млрд текше метр су жіберуді жоспарлап отыр. Оның ішінде 7,3 млрд текше метрі оңтүстік өңірдің егіс­тіктеріне жұмсалады.

Кәсіпорын филиалдары биыл дихандармен су беру бойынша 18 758 келісімшарт жасады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 32%-ға артық.

Суару маусымына дайындық аясында 83 гид­робекет жөнделіп, қалпына келтірілді. Сонымен қатар 775 гидробекет аттестациядан өтті.

«Кәсіпорын филиалдары арнайы су пай­далануға рұқсат алды, су қоймаларының жұмыс кестесі бе­­кітілді, суару желілеріне вегетацияға дайындық ая­сында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүр­гізілді. Еліміздегі суармалы ал­қаптың негізгі бөлігі оңтүстік өңірлерге тиесілі, бұл – кәсіпорын арналары арқылы суарылатын егіс алқаптарының шамамен 97%-ы», – деді Су ресурстары және ирри­гация ми­нистрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуа­лиева.