Ақтауда Каспий жағалауындағы бірнеше туристік инвестициялық жобалар бітпеген күйі қалып қойды. Оған себеп, инженерлік инфрақұрылымдардың дайын болмауы.
Каспий жағалауындағы инвестжобалар қашан бітеді?
198
оқылды

Жағалауда су, электр энергиясы, газ және жол мәселесі әлі күнге толық шешілмеген. Соған сәйкес, Ақтау қаласының бас жос­парына өзгерістер енгізіліп, жағалауды да­мытуда шетел­дік тәжірибе қолданылатын болады.

«Жоспардың уақытында іске аспауы ин­фрақұрылымның дайын болмауымен байла­нысты. Сондықтан ең алдымен жедел түрде инфрақұрылым мәселесін шешуге жұмыстанып жатырмыз. Бұған дейін басталған жұмыстарды тағы да жандандырып, одан әрі күшейтіп, қаржысын ұлғайтып, үлкен жоспар құрып жатырмыз», – деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев. 

Айта кетейік, Президент Үкіметке Маң­ғыстау облысының әкімдігімен бірге Каспий жағалауындағы туризм инфрақұрылымының сапасын арттыруды, Дубай мен Баку қала­ларының тәжірибесін ескере отырып, Ақтау қаласының бас жоспарын қайта қарауды тапсырған болатын.