Одан бөлек 17 адам жоғалып кетті.
Меккеге бара жатқан 14 адам қайтыс болды
1,336
оқылды

Сауд Арабиясындағы мұсылмандық қажылық кезінде 14 иорданиялық қаза тапты және 17 адам жоғалып кеткен. Бұл жайлы Иорданияның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеген, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты"News.am"-ге сілтеме жасап.

Сенбі күні министрлік қаза тапқандардың кем дегенде алтауы ыстықтан екенін айтқан. Ауа райы болжамы бойынша, дүйсенбі күні Меккеде температура 47 градусқа дейін көтерілетіні айтылды.

Сәрсенбіде аяқталатын қажылық - әлемдегі ең көп адам қатысатын іс-шаралардың бірі: биыл Сауд Арабиясының Бас статистикалық басқармасының мәліметі бойынша, оған 1,8 миллионнан астам қажы қатысады.

Соңғы 30 жылда бұл іс-шарадағы жүздеген өлім-жітімнің себептеріне шатырдағы өрттер, күн тию, қысылып қалу және басқа да факторлар жатады.