Ол Ақтау қаласында ұсталды.
Әйелін өлтіргісі келген атыраулық еркек ұсталды
844
оқылды

Атырауда әйелді өлтірмек болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

9 маусымда Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінде 1991 жылы туған әйел адамды өлтіруге оқталған 29 жастағы күдікті ұсталды.

"Атырау облысы Полиция департаменті қызметкерлерінің кешенді жедел-іздестіру шарасы нәтижесінде ер адам Ақтау қаласында ұсталды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр",  деп жазылған мәліметте. 

Еске салайық, бұған дейін Атырауда ер адам бұрынғы сүйіктісін аңдып, кіреберісте пышақтап тастағаны хабарланған еді.