Орал қаласында өз үйінен 1965 жылғы ер адамның денесі табылды.
Оралда ер адам өз-өзіне қол жұмсаған
1,298
оқылды

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 17 маусым күні болған. Кешкі сағат 17.50-де өзіне-өзі қол жұмсаған ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды Aikyn.kz сайты kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді»,  деп хабарлады ведомстводан.