Мамандар ескертіп, тыйым салынған аймақта суға түсуге болмайтынын айтып жатыр.
13 жастағы бала Каспийге батып кетті
881
оқылды

Қайғылы оқиға Қарақия ауданы Құрық ауылынан 3 шақырым жердегі теңізде болған. 2011 жылы туған бала суға батып, көз жұмды, деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жасөспірімнің денесі табылғанын хабарлады.

Мамандардың айтуынша, судағы қауіпсіздік және сақтық ережелері сақталмаған. 

Сондықтан Қарақия ауданы төтенше жағдайлар бөлімі мамандары аудан тұрғындары мен қонақтарға қатаң ескерту жасады.

Мамандар шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түсуге болмайтынын айтады.

Сондай-ақ көпірлерден және бөгеттерден суға секірмеуге, балаларды қараусыз қалдырмауға, мас болып шомылмауға, жабдықталмаған жерде суға түспеуге шақырды.