Емші ісіне қатысты жабық сот процесі өтіп жатыр.
Асырап алған балаларын қорлаған емшінің 31 жыл бұрын адам өлтіргені белгілі болды
Коллаж: kazinform
870
оқылды

Шымкентте қамқорлығына және асырап алған балаларына жауыздық танытқан емшінің бұған дейін адам өлтіргені расталды. Сондай-ақ ол психикалық ауытқумен есепте тұрған, – деп хабарлайды Aikyn.kz inform.kz-ке сілтеме  жасап.

Емші ісіне қатысты жабық сот процесі өтіп жатыр.

Сот отырысына келген қалалық Білім басқармасы қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің маманы Жадыра Тоғысбекова тілшілерге берген сұхбатында ер кісі бала асырап алмас бұрын жұбайы екеуі бала асырап алу бойынша арнайы курстан өткенін және бірнеше құжат ұсынғанын айтты. 

құжат
Фото: Жансая Тәуекелқызы/Kazinform

Бұл құжаттар ішінде емшінің бірқатар медициналық анықтамада дені сау екені, бұрын сотталмағаны көрсетілген. 

Басқармадағылар биыл мамырдың 27-сінде прокуратураға сұраныс жіберген. 

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика комитеті «Ақпараттық қызмет» жүйесі жасаған құжатта емшінің 1993 жылы «абайсызда адам өлтіру» бабымен істі болғаны және психикалық ауытқуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылып, ол мәжбүрлі емдеуге жіберілгені көрсетілген. 

Айта кетейік, емшіге сот актісі бүгін жарияланады. 

құжат
Фото: Жансая Тәуекелқызы/Kazinform

Бұған дейін Шымкентте жергілікті емшінің 6 баланы қамқорлыққа алып, оларға ит пен мысықтың етін бергенін, мал бақтырып, үш жылдан бері азаптап келгені белгілі болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.