Көмекке ТЖМ жедел құтқару жасағының құтқарушылары келді.
Талдықорғанда ағашқа мініп, түсе алмай қалған балаға құтқарушылар көмекке келді
Фото: ТЖМ
224
оқылды

Бүгін Талдықорған қаласында 7 жасар бала ағашқа мініп алып, өздігінен жерге түсе алмады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Көмекке ТЖМ жедел құтқару жасағының құтқарушылары келді. 

«Оқиға орнына келген құтқарушылар ағашқа көтеріліп, баланы жерге түсірді. Құтқарушылар баланы тексеріп, туыстарына тапсырды», - деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.