Меншік иесі нысандарды тиісті рұқсат құжатынсыз салған.
Алматыда үш бірдей заңсыз құрылыс нысаны бұзылып тасталды
1,593
оқылды

Алматы қаласында сот шешімімен Көлсай шағынауданындағы №2237 учаскесінде салынып жатқан үш ғимарат бұзылып тасталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Алматы қалалық Құрылыс бақылау басқармасына сілтеме жасап.

Басқарма жүргізген жоспардан тыс тексерудің нәтижесінде, меншік иесі (жеке тұлға) тиісті рұқсат құжатынсыз нысандар салуға кіріскен.

Меншік иесіне қатысты жол берілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, 316-бап 1-бөлігі бойынша әкімшілік шара қабылданды.

2023 жылы 25 сәуірде басқарма Алматының Медеу аудандық сотына бұзу туралы талап-арыз берді. 2023 жылғы 22 қыркүйектегі сот шешімімен бұзу туралы талап қанағаттандырылды.

Қалалық Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен меншік иесі өз еркімен бұзуға кірісті.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 38 заңсыз нысан толығымен немесе ішінара бұзылды, оның ішінде «Мечта», «KHAN», «Граф», «Алма Гарден» ТК және т.б. бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.