Әнші алдағы уақытта өз жартысын жолықтыруды армандайтынын атап айтты.
"Мен бақытты болуға лайықтымын": Динара Қырықбаева жеке өмірі туралы айтты
5,152
оқылды

Танымал әнші Динара Қырықбаева Анна Данченкоға берген сұхбатында жеке өмірі туралы ашып айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Әнші алдағы уақытта өз жартысын жолықтыруды армандайтынын атап айтты.

"Мен бақытты болуға лайықтымын. Әр ана бұл өмірде бақытты болуға лайықты. Енді бір жақсы адам, жақсы жар, менің балаларыма жақсы, өз балаларындай қарайтын жан жолықса деймін. Өзіме әйел бақытын тілеймін!", – деп жауап берді әнші.

Тележүргізушінің "балаларың ата-анаңмен тұра берсін, мен сені ғана аламын" десе, тұрмысқа шығар ма едіңіз?" деген сұрағына әнші өз жауабын айтты.

"Жоқ, жоқ, әрине жоқ.  Мен үшін балалар бірінші орында тұрады. Ондай ер адам маған керек емес. Ондай ер адамға мен қарамаймын. Балаларымды керек етпесе, не үшін ол маған керек? Сондықтан, ондай еркектер маған жоламаңыздар", – деді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.