Алғашқы партияда Рыбакина 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Рыбакина Берлиндегі турнирдің ширек финалына өтті
Фото: ҚТФ
901
оқылды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Берлин WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Елена алғашқы кездесуінде дүниежүзілік рейтингіде 35-орында тұрған ресейлік Вероника Кудерметовамен кортқа шықты, деп жазды BasSport.kz. 

Алғашқы партияда Рыбакина 6:4 есебімен жеңіске жетті. Ал, екінші партия тартысқа толы болды. Дегенмен отандасымыз бұл сетте де 7:5 есебімен басым түсті.

Бір сағат 34 минутқа созылған матчта Елена 5 эйспен қатар 11 брейк-пойнттың 4-еуін пайдасына жаратты. Кудерметова 1 эйс, 2 брейктен (3 брейк-пойнт) аса алған жоқ.

Енді Рыбакина жартылай финалға шығу үшін Белорусь елінің өкілі Виктория Азаренкомен шеберлік байқасады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.