Кент тұрғындарына көрсетілетін коммуналдық қызмет сапасын жаңа сатыға көтеру ісіне және кент тұрғындарын сумен қамтуда өз үлесін қосып келеді.
Индерлік  тракторшы Президенттен награда алды
398
оқылды

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттады.

Марапат иелерінің қатарында индерлік тракторшы Атабаев Самат Галлемұлы бар. Ол «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен наградталды.

Атабаев Самат Галлемұлы еңбек жолын 1994 жылы «Дендер» АҚ III разряд машинист бульдозерден бастады. Кейін 2018-2019 «Жарқыра» ЖШС машинист-экскаватор, 2020 жылы «ИндерСу» ШЖҚ КМК экскаватор-оператор, 2022 жылдан күні бүгінге дейін автокөлік және арнайы техника бөлімінде шынжыр табанды трактор операторы қызметін атқарып келеді.

Кент тұрғындарына көрсетілетін коммуналдық қызмет сапасын жаңа сатыға көтеру ісіне және кент тұрғындарын сумен қамтуда өз үлесін қосып келеді. Өзіне тапсырылған міндеттерді ұқыпты, жауапкершілікпен атқарып, аудан халқының сапалы әрі таза ауыз суын тұтынуына үлесін қосып жүрген білікті маман, жауапты орындаушы.

Су тасқыны кезінде уақытпен санаспай трактормен бөгет тұрғызу жұмыстарын атқарды.       

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.