Оқыс оқиға 22 маусымда болған.
Абай облысында суға батып бара жатқан әйел құтқарылды
457
оқылды

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, шомылу кезінде 1976 жылғы әйелді судың қатты ағыны ағызып әкеткен, -  деп жазады Aikyn.kz.

Көмек сұрап, жанұшыра айқайлаған әйелдің айқайын өрт сөндірушілер Жұмағазин Жанғазы мен Оспанов Әділет естіп қалады.

Оқыс оқиға Курчатов қаласында болған. "Курчатов қаласының қалалық жағажайы" аумағында жаяу патрульдеу жүргізу барысында қос өрт сөндіруші әйелді құтқарып, судан шығарды.

Қазіргі уақытта құтқарылған әйелдің жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес.