Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Үкімет Мәжіліске есеп береді
484
оқылды

Депутаттарға өңірлерге шығу барысында аза­мат­­тардан келіп түскен өтініштерді мемлекеттік орган­дардың қарау нәтижелері туралы Қазақстан Рес­публикасы Премьер-Министрінің орын­баса­ры Тамара Дүйсенованың ақпаратын тыңдау ұсынылады.

Бюро мүшелері сегізінші сайланған Парла­менттің екінші сессиясында Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата қызметінің қорытындысын тал­қылады. Бұл туралы Қоғамдық палата төрағасы Айдос Сарым баяндама жасады.

Сонымен қатар бюро отырысында Мәжіліс де­пу­­­таттарының биылғы 1 шілдеден басталатын сайлау­шылармен кездесу үшін өңірлерге шығуы ту­ралы мә­селе қаралды.

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов депутаттар халықпен кездесу барысында өңірлердегі жұмыс­тар­дың маңыздылығына назар аударып, парла­менттік сессияда қабылданған жаңа заңдар туралы ақпарат берудің қажеттілігіне тоқталды. Осыған байланысты Мәжіліс Спикері депутаттарға үкі­мет­тік емес ұйым­дар, сарапшылар, қоғамдық пікір көшбасшыларын тарта отырып, сайлаушы­лармен ашық форматта кездесулер өткізіп, бұл туралы халықты әлеуметтік желілер мен жергілікті БАҚ арқылы белсенді түрде хабардар етуді тап­сырды.

Өңірлерде депутаттар шалғай елді мекендердің тұрғындарымен кездесіп, еңбек ұжымдарында, өн­діріс­тік алаңдарда болып, әлеуметтік нысан­дарға барады, сондай-ақ азаматтарды қабылдайды.