Бүгінде ЖОО түлектерінің шамамен 25%-ы мамандық бойынша жұмыс істемейді.
Үкімет басшысы жұмыспен қамту мониторингін енгізуді тапсырды
603
оқылды

Олжас Бектенов жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін бос орындарды ескере отырып, жұмыспен қамту мониторингін енгізуді тапсырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ЖОО түлектерінің шамамен 25%-ы мамандық бойынша жұмыс істемейді, осыған байланысты оларды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілермен тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қажет.

 «Жаңа жұмыс күші талап етілетін барлық жобаларды қадағалау үшін Еңбек министрлігі тарапынан жұмыспен қамту мониторингінің нақты жүйесі қажет», — деп атап өткен Премьер-Министр Олжас Бектенов, Цифрлық даму министрлігінің жыл соңына дейін аралас ведомстволардың ақпараттық жүйелерін интеграциялауды жүргізу қажеттігін айтты.