Экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев пен оның інісі Бақытжан Байжанов апелляциялық сатыдағы сот отырысында сөз сөйледі.
Шындық ешкімге керек емес – Бишімбаев пен Байжанов сотта мәлімдеме жасады
Фото: Жоғарғы сот
2,097
оқылды

Экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев пен оның інісі Бақытжан Байжанов апелляциялық сатыдағы сот отырысында сөз сөйледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

«Менің толықтырғым келгені, айтылғандардың бәріне дәлел келтіруге мүмкіндік берілмеді. Бізге көптеген материалдармен танысуға рұқсат етілмеді. Менің бір түсінгенім, шындық ешкімге керек емес. Шешім алдын-ала шығарылып қойған. Сондықтан не дерімді білмеймін, бәрі айтылды. Адвокаттарымның ұстанымын қолдаймын», - деді Қ. Бишімбаев бүгінгі апелляциялық сот отырысында.

Өз кезегінде Б.Байжанов өзінің заңсыз сотталғанын мәлімдеді.

«Құрметті алқа, бүгін сіздер бұл қатені түзете аласыздар және біздің жүйенің әділетті екенін, бұзудың орнына қорғайтынын дәлелдейтін мүмкіндік бар. Менің ісімдегі фактілерді мұқият қайта қарауыңызды сұраймын. Сізден әділеттілік орнауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауыңызды сұраймын. Менің үмітім және отбасымның болашағы сіздердің қолдарыңызда. Менің әділетке деген сенімімді қалпына келтіруге көмектесіңіздер, өйткені мен қылмыс жасаған жоқпын және менің кінәм дәлелденбеген», - деді ол.

Сонымен бірге, Б.Байжанов соттан үкімнің күшін толық жоюды және істі жаңа сот талқылауына жіберуді сұрады.

Еске салсақ, 2023 жылғы 9 қарашада Астанадағы «Bau» мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты. Әйел жедел жәрдем жеткенше көз жұмды. Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды.

Бүгін Бишімбаев пен Байжановқа қатысты апелляциялық сот отырысы басталды. Отырыс тікелей эфирде өтті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.