Батыс және солтүстік-батыс облыстарда найзағаймен бірге қатты жаңбыр, бұршақ жауып, екпінді жел соғады.
Жаңбыр, бұршақ, 43 градус ыстық: 27-29 маусымға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
4,995
оқылды

"Қазгидромет" РМК  27-29 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне ауқымды циклон әсер етеді. Соның салдарынан батыс және солтүстік-батыс облыстарда найзағаймен бірге қатты жаңбыр, бұршақ жауып, екпінді жел соғады.

«27 маусымда оңтүстік-батыста, 27-29 маусымда солтүстік-батыста, 28-29 маусымда республиканың батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Еліміздің шығысы мен солтүстік-шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр. 27 маусымда республиканың солтүстік-батысында, 28-29 маусымда оңтүстігінде, 29 маусымда солтүстік бөлігі мен орталықта аптап ыстық төмендейді. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында +40+43°С аптап ыстық сақталады», – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.