«Қазақстан біздің балаларымыздың көзімен» атты сурет көрмесіне сайысқа қатысушылардың арасынан іріктеліп алынған 11 бүлдіршіннің туындылары орналастырылды.
Белсенді партия мүшелерінің балалары арасында сурет салу сайысы өтті
671
оқылды

«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалы мен "Жарық" бастауыш партия ұйымына қарасты «Торғай-Петролеум» АҚ-ның ұйымдастыруымен белсенді партия мүшелері, компания қызметкерлерінің балалары арасында "Бақытты отбасы" жобасы аясында сурет сайысы өтті. 

Сурет сайысына Қызылорда облысынан бөлек өзге өңірлерден де туындылар келіп түсті. 

«Қазақстан біздің балаларымыздың көзімен» атты сурет көрмесіне сайысқа қатысушылардың арасынан іріктеліп алынған 11 бүлдіршіннің туындылары орналастырылды. 

Сайысқа қатысушыларға партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Исақызы Мұсаева және "Жарық" бастауыш партия ұйымының Төрағасы, «Торғай-Петролеум» АҚ-ның бас директоры Әбілқайыров Дәурен Тұрғанбайұлы жылы лебізін білдірді. 

Аталған сурет байқауы "Менің үйім", "Менің сүйікті қалам", "Менің арманымдағы мамандық", "Мұнай-қара алтын" номинациялары бойынша ұйымдастырылды. 

Жүлделі орын иеленген қатысушыларға партия мен компания атынан «Алғыс хат» және бағалы сыйлықтар табысталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.