Бұл туралы Семей қаласының әкімдігі мәлімдеді.
Семейдегі аспалы көпір жөндеуге жабылды
404
оқылды

Семей қаласындағы аспалы көпір жөндеу жұмысына жабылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Ресми ақпаратқа қарағанда, авариялық жағдайлардың алдын алу үшін қаланың сол жағалауынан оң жағалауға қарай қозғалыс жабылады.

– 9-30 маусым аралығында түнгі уақытта сағат 21:00-ден 06:00-ге дейін аспалы көпірдің (жаңа көпір) жүріс бөлігін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетінін ескертеміз, сондай-ақ көлік қозғалысы түнгі уақытта қарсы жолақ бойынша ұйымдастырылатын болады. Сіздерден қозғалыс маршруттарын алдын ала қарастыруды, жылдамдық режимін сақтауды және уақытша қолайсыздықтарды түсінуді сұраймыз, – делінген әкімдіктің хабарламасында.

27-30 маусым аралығында жұмыс күндізгі уақытта сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін жүргізілмек. Сәйкесінше  көлік қозғалысы жартылай жабылады.