"Ашық НҚА" порталында Ішкі істер министрлігінің жол қозғалысы ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрығының жобасы жарияланды.
Елімізде жол жүру ережесі өзгереді
3,777
оқылды

Заң жобасы 15 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады, деп жазады Aikyn.kz.

Жаңа өзгерістер электромобильдер мен олардың иелеріне қатысты:

- электр қозғалтқышымен жабдықталған және қозғалатын, батареялардан энергия алатын және тек сыртқы электр энергиясы көзін пайдалана отырып зарядталатын механикалық көлік құралдарына "электромобиль" ұғымы енгізілді;

- электрлі автокөліктер қоғамдық автотұрақтар мен паркингтерде тұрақ ақысын төлеуден босатылады;

- көлігін зарядтау мақсатынсыз электр көліктері зарядталатын орындарда тұраққа қойғандарға айыппұлдар енгізіледі;

GAZ және "электромобиль" сәйкестендіру белгілеріне қойылатын талаптар "Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары" ұлттық стандартына сәйкестендірілді", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ жаңа ережеге сәйкес, D санатындағы (қоғамдық көлік) жүргізуші куәлігін алу талаптары жеңілдетіледі. Жүк көліктерінің елді мекендерде рұқсат етілген жылдамдығы 50 шақырым/сағ дейін төмендетілмек.