Еліміздің солтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауады.
Бес облыста аптап ыстық болады: 30 маусымға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
7,669
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аумағы бойынша 30 маусымға арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. 

Еліміздің солтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауады. Еліміздің оңтүстігі мен батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, жел күшейеді. Оңтүстік өңірде шаңды дауыл соғады.

Күндіз Абай, Жетісу, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында аптап ыстық сақталады.

Қарағанды, Павлодар, Абай, Жетісу облыстарында, Ұлытау өңірінің солтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, ШҚО-ның оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында өрт қаупі жоғары болады.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ұлытау облыстарында, Маңғыстау өңірінің солтүстігінде, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, батысында, Абай өңірінің оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысы мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.