Өрттен зардап шеккендер жоқ.
Қызылордада қалалық орталық емханадан өрт шықты
1,100
оқылды

Төтенше жағдайлар қызметіне 30 маусым күні сағат 2.20-да З.Шүкіров көшесі бойында орналасқан қалалық орталық емхананың 2-қабатынан өрт шықты деген шақырту түсті, – деп жазады Aikyn.kz.

«Өртке қарсы қызметінен 26 қызметкер жұмылдырылды. Барлау жұмысы нәтижесінде орталық емхананың 2-қабатындағы бөлме ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт 2.43-те толық сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер жоқ», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.