Мейрамбек ағамыз қолдап, ақыл-кеңесін беріп, таныс-тамырларынан белгілі бір мөлшерде қарыз алып берді.
Мейрамбек Бесбаев Серік Ибрагимовке қолдау көрсеткені рас па?
2,286
оқылды

Танымал әнші Серік Ибрагимов кинопродюсерлікке бет бұрып, бүгінде тырнақалды туындысын түсіріп жатыр. Өнер иесі "Заман-Back" атты фильміне қолдау білдіріп, жобасына демеушілік еткен жандарды атады. Соның арасында әнші Мейрамбек Бесбаев та бар.

Серік Ибрагимовтың айтуынша, өнердегі ағасы Мейрамбек жаңа бастамасын қолдаған.

– Осыған дейін жинаған абыройымыз бар. Мейрамбек ағамыз қолдап, ақыл-кеңесін беріп, таныс-тамырларынан белгілі бір мөлшерде қарыз алып, көлігімізді саттық. Жоқтан бар жасап, кино түсіріп жатқан жайымыз бар. Ауылда Абзал Атағожаев деген інім бар. Үш-төрт жыл ақша жинап, 2022 жылғы көлік сатып алған. Кореядан 12 жарым миллионға алыпты. Соны бір ай ғана жүргізіп, мен үшін сатып жіберді", – деді әнші "Revue News" бағдарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.