Коронавирус қаупі: Бас санитар қашықтан оқытуды қолдайтынын айтты
Коронавирус қаупі: Бас санитар қашықтан оқытуды қолдайтынын айтты
© inbusiness.kz
208
оқылды
Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз  мәслихатында коронавирустан сақтану үшін қашықтан оқыту бастамаларын қолдайтынын айтты, - деп хабарлады inbusiness.kz. «Бұл тұрғыда Білім және ғылым министрлігі де құжаттар пакетін дайындады. Оның ішінде қашықтықтан оқыту ұсынысы бар. Кейбір оқу орындарында мұндай режим бұрын да қолданылғанын білеміз. Әсіресе, реферат дайындау, емтихан кездерінде осылай болады. Сақтық шараларының бір пункті ретінде Білім министрлігінің жоспарында қашықтықтан оқыту қарастырылған. Тек жоғары оқу орындарында ғана емес, колледждер мен кейбір мектептерде де қашықтан оқытуға болады.Егер оған техникалық жабдықталуы мүмкіндік берсе, біз қарсы емеспіз. Бұл қалыпты құбылыс. Біз 21 ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Заманауи ақпараттық технологиялардың игілігін пайдалана білуіміз керек», – деді Жандарбек Бекшин.