«AMANAT» партиясы «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын жалғастыруда. Төрт аптада партия мүшелері мен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері еліміздегі әртүрлі аумақтан 3 700 тоннадан астам қоқыс жинады. Акцияға 33 мыңнан астам адам қатысты.
«Таза бейсенбі» экологиялық акциясы жалғасуда
156
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұдайы өткізіліп тұратын «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық науқанын жариялаған болатын. Өз сөзінде ол «Қазақстан әрқашан таза әрі көз сүйсіндіретін ел болуы керек және бұл өмір салтына айналуға тиіс» деп атап өтті. Осылайша, 6 маусымнан бері «AMANAT» партиясының мыңдаған белсендісі мен мүшесі «Таза бейсенбі» акциясы аясында апта сайын әртүрлі аумақты ұжымдаса отырып қоқыстан тазартып келеді.

«Қоқыстан тазартатын аумақтарды анықтау үшін еліміздегі барлық су айдындарына, каналдарға, өзендер мен көлдерге талдау жасадық. Әр облыста филиал қызметкерлері, жастар қауымы мен волонтерлер, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар Президенттің жалпыұлттық бастамасына белсенді қолдау көрсетті. Өткен бейсенбіде республика көлемінде жағалау аумақтарындағы, өзен жайылмаларындағы және жағажайлардағы 25-ке жуық учаске қоқыстан тазартылды», – деді партия Хатшысы Ержан Жылқыбаев.

Осы аптада жағалау аумақтары мен жайылмаларға ерекше назар аударылды. Мәселен, Астанада партиялықтар Қарасу өзенінің жағалауындағы учаскені қоқыстан тазартса, Жамбыл облысында Тараз қаласындағы канал аумағын ретке келтірді. Қостанай облысында партия мүшелері, қызметкерлері мен белсенділері қалалық жағажай маңында орналасқан Притобол саябағының аумағын тазалады. Ал Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауындағы қоқыс жиналды.

«Әр учаскеге мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының же­текшілері мен белсенділері бекітілді. Олар өз учаскелерін үнемі қадағалап отырады. Яғни, бұл – бірреттік іс-шара емес. Осыны ескеру қажет. Сондай-ақ партия road-эстафета өткізіп, соның барысында бір аптадан аз уақыт ішінде 2 мыңға жуық белсенді Астана–Алматы тасжолын тазалады. Шамамен 100 тонна қоқыс қайта өңдеуге жіберілді. Біз қазір экологиялық сана мен мәдениет қалыптастыруымыз керек. Президент айтып өткендей, «Таза Қазақстан» жай ғана акция емес, бұл – өмір салты», – деді «AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев.

Айта кетейік, су тасқынының қауіпті кезеңі аяқталғаннан кейін «AMANAT» партиясының 4 мыңға жуық белсендісі мен «Жастар Рухы» жастар қанатының волонтерлері қарғын судан зардап шеккен тұрғындардың баспанасын ретке келтіруге көмектесті. Еліміздің барлық өңіріндегі барша партиялықтар сая­бақтарды, скверлерді, аулаларды тазартып, тарихи-мәдени және табиғи ескерт­кіштерді тазалауда. Сондай-ақ сенбілікке шығып, ағаш егеді және өзге де іс-шараларды ұйымдастырады. Мәселен, 27 сәуірде, яғни небәрі бір күнде ел аума­ғында партиялықтар 55 мың түп ағаш екті.

Сондай-ақ экологиялық мәселелерді шешу – «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылған маңызды басымдықтың бірі. Сайлауалды уәделерді жүйелі жүзеге асыру жұмысы аясында былтыр мемлекеттік орман қоры аумағына 302,7 млн түп ағаш егілді. Сонымен қатар 39 ірі өнеркәсіптік кәсіпорында ауаны ластауын бақылайтын автоматтандырылған жүйе орнатылды. 

2027 жылға қарай партияның сайлауалды бағдарламасы аясында тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін 36%-ға дейін ұлғайту, Жайық өзенінің экожүйесін қалпына келтіру, Балқаш көліне тұрақты су ағынын қамтамасыз ету, ауа сапасының индексін енгізу, ластанған елді мекенде кәсіп­орынның ауаны ластау нормативтерін 40%-ға дейін төмендету, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған 16 су қоймасын қайта жаңарту және жаңадан 14 су қоймасын тұрғызу