Ақтауда инкассатор банктен 10 миллион теңге ұрлап, артынан өзін-өзі атып жіберген.
Банкте оқ атылды: полиция Ақтауда болған оқиғаға түсініктеме берді
www.istockphoto.com
1,078
оқылды

Кешелі бері әлеуметтік желілер мен БАҚ-та бұл жағдай туралы жазып, шулап кеткені белгілі. Бүгін Ақтау Полиция басқармасы инкассатордың банктен 10 миллион теңге ұрлап, артынан жертөлеге қамалып, өз басына оқ атып жібергені жайында түсініктеме берді.

Қайғылы оқиға 14-шағынауданда орналасқан Halyk Bank ғимаратында болған. Марқұмның жасы 43-те еді. Жедел-тергеу тобы, дәрігерлер мен СОБР қызметкерлері жертөлеге кіретін есікті қоршап алған болатын.

"Қазір "Ұрлық және өзін-өзі өлтіруге итермелеу" дерегі бойынша Ақтау қалалық ІІБ қылмыстық іс қозғады. Әзірше өзге мәліметтер жария етілмейді", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.