Ол 26 маусым күні Алматыда Мақатаев пен Масанчи көшелерінің қиылысында адам өлімімен аяқталған жол апатына кінәлі болуы мүмкін.
«5:32» сериалының продюсері үйқамаққа жіберілді
401
оқылды

Болжам бойынша, қиылыстан өтіп бара жатқан KIA көлігі №18 бағыттағы автобуспен соқтығысқан. Салдарынан автобус жұргізушісі қаза тауып, 20 шақты адам зардап шеккен. Автобуспен соқтығысқан көліктің жүргізушісі  «5:32» сериалының продюсері екені анықталған,  деп хабарлайды Аіkyn.kz  сайты El.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апатына кінәлі жүргізуші ұсталып, 2 айға қамауға алынған болатын. Алайда күдіктінің 4 айлық сәбиі болғандықтан, адвокат жеке шағым түсіріп, сот оны қанағаттандырды. Сөйтіп, Әнел Сартаева үйқамаққа жіберілетін болды.

Қамауда ұстау қаулысы жойылды, жеке шағым толығымен қанағаттандырылды. Тергеу кезінде Әнел үйқамаққа алынып, баласына қарайтын болды,  деді Қанат Әлсейітов.