Оқиға Ақтауда болған.
Электр скейтбордпен баланы қаққан тұрғын бас бостандығынан айырылды
697
оқылды

Ақтау қалалық сотында М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органымен М.-ға ҚР ҚК-нің 114-бабы  3-бөлігімен, яғни абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiргені үшін айып тағылған деп хабарлайды Aikyn.kz сайты mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

«Cотталушы М. 17 сәуір күні сағат 18.00 шамасында 6-шағынаудандағы №36 үйдің жанында, жаяу жүргіншілерге арналған жолақта, электрлік скейтбордпен техникалық талаптарды сақтамай, кәмелет жасқа толмаған баланы қағып, нәтижесінде оның денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтiрген»,  деп хабарлады Ақтау қалалық соты.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің және кінәні мойындау туралы сотталушының жауаптарымен, өзге де іс-құжаттарымен дәлелденді. Сонымен қатар  сотта жәбірленушінің заңды өкілінің сотталушыны заңға сәйкес қатаң жаза қолдануды, себебі жәбірленушінің жабық бассүйек-ми жарақаты, күмбез сүйегінің сынуы, ми шайқалу жарақаттары келгенін, пікірі ескерілді.

«Сот М.-ға жаза тағайындау барысында қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жай ретінде оның кінәсін мойындап, шың көңілмен өкінетінін, ал жазаны ауырлататын мән-жайлардың жоқ екенін ескеріп, сотталушы М.-ды ҚК-тің 114-бабы  3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады»,  деп жазылған хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.