Зардап шеккендер жәндік уы ағзаға ауыр тиеді дейді.
Шымкентте қарақұрт қаптады
den-der.kz
1,122
оқылды

Еліміздің тағы бір өңірінде қарақұрт қаптады. Әсіресе қарақұрт Қазақстанның оңтүстігінде жиі кездеседі. Кейінгі екі айда қарақұрт шаққан 15 адам ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты КТК телеарнасы сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, қалада улы өрмекші шаққанынан көз жұмғандар тіркелмеген. Бірақ зардап шеккендер жәндік уының ағзаға ауыр тиетінін жеткізді.

"Ұйықтап жатқанда, бірдеңе мойнымнан тістеп алғандай болды, 10-15 минуттан кейін у бүкіл денеме тарады, бүйрегім істемей қалды. Ауруханаға бара жатқанда тыныс алуым қиындады. Осының бәрі бір жарым сағаттың ішінде болды", – дейді шымкенттік Саят Тұрмаханбетов.

Өрмекшінің қауіпті кезеңі мамырдан қыркүйекке дейін. Әлсіреген дене уланудың әсеріне төтеп бере алмай, адам 5-6 сағаттан кейін өліп кетуі мүмкін. Дәрігерлер қарақұрт шағып алған жағдайда тезірек ауруханаға баруға кеңес береді.

"Науқастың жағдайы жасына да байланысты. Жас болса, тезірек жазылуы мүмкін. Егде жастағы адамның қант диабеті, артериялық гипертензия немесе басқа созылмалы аурулар болса, жазылуы қиын", – дейді Шымкент қалалық гипербарикалық оттегімен қамтамасыз ету орталығының токсикология бөлімінің меңгерушісі Асылхан Мыңбосынов. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.