Елордада дәмхана өртеніп жатыр.
Астанада кафеден өрт шықты
1,050
оқылды

Дәл осы сәтте Астана қаласының өрт сөндірушілері Алматы ауданында тілсіз жаумен арпалысып жатыр, – деп хабарлайды  Aikyn.kz сайты kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Б.Момышұлы даңғылы бойында орналасқан «Кувшин» мейрамханасының жанындағы жазғы дәмханадан өрт шыққан.

Б.Момышұлы даңғылы бойында орналасқан «Кувшин» мейрамханасының жанындағы жазғы дәмханадан өрт шыққан.

Төтенше жағдай департаментінің күш-құралдары жұмылдырылған. 

«Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр. Сағат 16:14 кезінде өрт оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ», – дейді ТЖМ баспасөз қызметінен. 

Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖД жеке құрамынан 15 адам мен 3 техника жұмыс істеп жатыр.

Сағат 16:32 шамасында өрт сөндірілді. Жалын 60 шаршы метр аумақты шарпыды.

Өрттің себептері анықталып жатыр.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.