Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
Депутат Ермұрат Бапи ауырып қалды:  «Улану мен уландыруға қатысты күдік бар»
1,308
оқылды

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи сырқаттанып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Ауырып қалған жағдай бар... Диагноз белгісіз... Улану мен уландыруға қатысты күдік бар дейді... Клеткалық-молекулярлық негізде диагностика қажет екен... Көрерміз... Аман болайық, ағайын!", – деп жазды төменгі палата депутаты.

Айта кеткен жөн, Ермұрат Бапи – Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің VIII шақырылымның депутаты. Ол оған дейін "ДАТ – Общественная позиция" газеті бас редактордың кеңесшісі, бас редакторы болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.