Бұл туралы танымал әртіс әлеуметтік желідегі парақшасында жауап берді.
«Доғарыңыздар, балаларға ауыр тиіп жатыр»: Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртас жайлы әңгімелерге жауап берді
45,696
оқылды

Ұшақта шу шығарып, 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртастың әйелі, әртіс Жұлдыз Әбдікәрімова алғаш рет пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

“Бұдан артық үндемеуге болмады. Ешқашан жеке мәселені парақшамда талқылаған емес едім. Сіздердің жазғандарыңызды балалар оқып жатыр. Бұл оқиғада менің фокусым – балаларда. Қыздар жасөспірім шақта. Ұлдар – намысшыл. Ата-анасы өнер адамы болғаны үшін неге олар қиындық көруі керек?! Заң алдында барлық азамат бірдей. Ол азаматтығын көрсетті. Қателескенін ескеріп, жауап беруге дайын екенін дәлелдеді. Балаларға түсіндіруге тырыстық. Енді сіздер де доғарыңыздар! Балаларға ауыр тиіп жатыр”, – деді актриса. 

Еске салайық, Қайрат Нұртас ұшақта жанжалдасқаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған еді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.