Тергеу кезінде бейнежазба жарияланды.
«Жастықпен тұншықтырдым»: Екі баласын өлтірген әйелдің видеосы тарады
1,226
оқылды

Желіде екі баласын өлтірген әйелдің жауап алу кезіндегі видеосы тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Тергеу кезіндегі бейнежазбаның үзіндісі HolaNews Telegram арнасында жарияланды.

Айта кетейік, Шиелі ауданындағы мектептердің бірінде жұмыс істеген 31 жастағы әйел 6 ақпанда ешкімге ескертпестен, үйінен екі баласын алып, Түркістан қаласына кетіп қалған. Ертеңіне, жалдамалы пәтерде 2 баласын жастықпен тұншықтырып өлтірген. Ол бұл қадамға күйеуімен ұрсысып қалған соң барған.

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Түркістан қаласында «екі баласын тұншықтырып өлтірді» деген айып тағылған 31 жастағы Бота Хамитқызына 15 жыл түрме жазасын кесті. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.