Ол айтатын сөзін алдын ала дайындаған.
Ешқандай алғысым жоқ: алғаш рет студент диплом алып тұрып, ұстаздары туралы шындықты айтты
21,165
оқылды

Ресейдің Қазақстанмен шекаралас Самара қаласы  Халықаралық нарық институтының орта кәсіптік білім беру факультетінің түлегі Надежда Новикова диплом табыстау салтанаты кешінде сабақ берген оқытушыларын сынға алды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Qaz365.kz жазғандай, ол айтатын сөзін алдын ала дайындаған.

"Өкінішке қарай, маған оқуға тыйым салды. Бірақ мен өзімдікін айтамын. Құрметті ұстаздар мен студенттер! Халықаралық нарық институтына айтар жалғыз алғысым – әртүрлі іс-шарада өзімді көрсетуге мүмкіндік бергені. Ал ұстаздарға ешқандай рақметім жоқ. Денешынықтыру пәнінің мұғалімі Наталья Николаевна Радова жыл бойы ешкім емес екенімді айтумен болды. Өмірде ешқандай жетістікке жетпеген деп қорлады. Музыканы сөндіріңдер, әрі қарай жалғастырайын. Лилия Долгатовна Галиева ол мені әрқашан оқудан шығаруға тырысты, бірақ көріп тұрғаныңыздай, ол мұны істей алмады», – дейді студент. Осыдан кейін видео үзіліп кеткен.

Ұстаздардың бірі студенттен микрофонды жұлып алған. Ол бірақ кейін Telegram арнасында өз айыптауын жалғастырған.