Әнші перзентханадан шыққан бойда қан қысымы көтеріліп, ауруханаға жатқызылған.
«Бұрынғы күйеуім» қасымда»: Мақпал Исабекова өзі жайлы қауесетке нүкте қойды
Фото: instagram.com/ makosyai
8,593
оқылды

Жақында ғана екінші перзентін дүниеге әкелген әнші Мақпал Исабекова ауруханаға түсіп қалғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Әнші перзентханадан шыққан бойда қан қысымы көтеріліп, ауруханаға жатқызылған. 

Бұған дейін әлеуметтік желіде «Мақпал Исабекованы перзентханадан шығарып алуға бұрынғы күйеуі де келді. Әншінің сол жерде көңілі босап, көз жасына ерік берді» деген ақпарат тараған болатын. 

Әнші жалған ақпарат таратқандарға реніш білдірді. 

«О, Алла, не деген фантазия?! Менімен бірге тұрып, 24/7 жанымда жүретін адам сияқты жазатындарын қайтерсің?! Жазыңдар, жаза беріңдер, менің кетіп бара жатқан түгім жоқ. Әрқайсысының аузына қақпақ бола алмаймын ғой. Жазған адамның әрбірімен арпалыссам нем қалады? Сендер айтып жатқан «бұрынғы күйеуім» менімен бірге перзентханада 5 күн болды. Қызымызды туыла сала сол кісінің кеудесіне жатқызды», – деп жазды Мақпал Исабекова.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Тelegram арнасынан таба аласыз.